Теннистен келесі жылдың ең алғашқы «Үлкен Дулыға» турнирі ақпанның 8-21 аралығында өтеді. Қазақстанның алты өкілі Аустралия ашық чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды.
Қыздар арасындағы бәсекеде Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Диас және Ярослава Шведова ел намысын қорғайтын болса, ерлер сайысында Александр Бублик пен Михаил Кукушкин өнер көрсетеді. Сонымен қатар жұптық сайыста Александр Бублик Андрей Голубевпен бірге бақ сынайды.
Сондай-ақ Дмитрий Попко жарысты іріктеу кезеңінен бастайды. Пандемияға байланысты ерлердің іріктеу жарысы Дохада өтеді. Сонымен қатар биыл Аустралияның ашық чемпионаты ерекше форматта ұйымдастырылмақ. Ереже бойынша, спортшылар Жасыл құрлыққа жарыстан екі апта бұрын келіп, 14 күндік карантиннен өтуі тиіс.