Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар тобымен кездесті.
Кездесуді ашқан ОСК төрағасы Берік Имашев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының байқаушыларына алғыс білдіріп, кездесудің онлайн өтуін пандемия жағдайындағы қажеттілік екенін атап өтті. Одан әрі ол байқаушыларды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезекті сайлау бойынша жүріп жатқан сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен таныстырды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының байқаушыларына төрағалық ететін Бас xатшы – Ассамблея кеңесі xатшылығының басшысы Дмитрий Кобицкий кездесуді өткізген комиссияға алғыс білдірді. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының өкілдері берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, сайлауға дайындық пен өткізуге қатысты сұрақтар қойды. Тараптар сайлауды