• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №821

231 рет
көрсетілді

2013 жылғы 22 қазан Астана қаласы

«Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы №465 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

 

2013 жылғы 22 қазан Астана қаласы

«Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы №465 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына сәйкес, бұйырамын:

1. «Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы №465 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6637 тіркелген, 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 355-356 (26416-26417), 2011 жылғы 7 қаңтардағы №3 (26424) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары: мынадай мазмұндағы 17-2-тармақпен толықтырылсын:

«17-2. Қазақстан Республикасында тіркелген авиакомпания басқа мемлекетте тіркелген әуе кемелерін пайдаланған жағдайда шет мемлекеттің азаматтары болып табылатын ұшу экипажының және инженерлік-техникалық құрамының мүшелеріне ЭМК беруді уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес 1 жыл мерзімге беруді жүргізеді.».

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында

орналастырылуын қамтамасыз етсін;

3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мем­­­ле­кеттік тіркелуінен кейін 5 жұмыс күні ішінде мем­ле­кеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құрал­­да­рында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Респуб­ли­касының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ.Бектұровқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр               А.ЖҰМАҒАЛИЕВ.

«Келісілді»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

_______________ Н.Ә.Әбіқаев

2013 жылғы 22 қазан

––––––––––––––––––

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет ми­нистрлігінде 2013 жылғы 25 қарашада Нормативтік құ­қықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізі­лі­міне №8925 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар