• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оңтүстік Қазақстан 28 Желтоқсан, 2020

Шымкентте 82 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады

200 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгінде шаһарда алаңы 1 млн шаршы метрден астам 14 224 пәтерлі 262 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде жеке құрылысшылар есебінен 6 147 пәтерлі 126 көпқабатты тұрғын үй де бар.

Президент Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен баспана мәселесіне тікелей байланысты екенін айтқан еді. Осыған орай Шымкент қаласында бюджет есебінен 8077 пәтерлі 136 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп отыр. Жыл соңына дейін 280 пәтерлі 5 жалдамалы, 4 461 пәтерлі 77 несиелік тұрғын үйдің құрылысы аяқталады.

Құрылыс басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл қалада құрылыс жұмысы бойынша жақсы көрсеткішке қол жеткізген. 11 айда 103,3 млрд теңгеге құрылыс жұмысы жүргізіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 159,3 пайызға жеткен.

Қосымша сұрақтар бойынша тегін 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.