• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Желтоқсан, 2020

Алыстағы ауылдарға ұялы байланыс желісі орнатылды

614 рет
көрсетілді

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Қазалы ауданындағы Лақалы және Сарбұлақ ауылына «Activ» ұялы байланыс желісі орнатылды.

Аудан бойынша бағдарлама аясында 2020 жылдың соңына дейін 4 елді мекенді Kcell және Beeline операторлары арқылы 3G/4G сымсыз технологияларымен және мобильді ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған.

Солардың ішінде ауданда алғаш болып Шәкен ауылдық округінің орталығына Beeline операторы арқылы байланыс орнатылып, мобильді интернетке (3G) қол жеткізілді.

Аз күнде Аранды ауылында да «Activ» ұялы байланыс желісі орнатылады деп жоспарлануда.