• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Білім 29 Желтоқсан, 2020

Еліміздегі рейтінгі төмен 10 университет

747 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова Қазақстандағы университеттерде жұмыс берушілермен бірге білім беру бағдарламасы құрылмағанын айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Аутсайдер дегеніміз – ең төменгі орындарда тұрған жоғары оқу орындары. Биыл соңғы ондықтың ішінде Сырдария университеті, Шымкент университеті, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Астана университеті, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Қазақ-орыс халықаралық университеті, Болашақ университеті (Қызылорда), Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институты», деді Гүлзат Көбенова.

Оның айтуынша,бұл университеттерде жұмыс берушілермен бірге білім беру бағдарламасы құрылмаған. Осының салдарынан қажетті құзыреттер жоқ. Бұл университеттердің түлектеріне сұраныс аз. Осы оқу орындарынан шыққан түлектердің жұмыс орналасуы қиындау болып отыр.

Соңғы жаңалықтар