Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Даун синдромы бар балаларды ата-аналарымен бірге қабылдап, жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Шаһар басшысы кездесу барысында Елбасы мен Президентіміздің қолдауының арқасында елімізде ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларға барынша жағдай жасалып жатқандығын айтып, 2018 жылы қалада жалпы білім беретін 54 мектептің 14-де инклюзивті білім беруге жағдай жасалғанын, бүгінгі күні шаһардағы 32 мектептеарнайы мамандар жұмыс жасайтындығын жеткізді.
Сөз соңында қала басшысы балғындардың дендеріне саулық тілеп, жаңа жыл мерекесіне арналған сыйлықтарды табыстады.