Өскемен шаһарында соққан жел жаңа салынған көпқабатты үйдің қасбетін қақыратып жіберді.
Б.Момышұлы, 14 мекенжайындағы тоғыз қабатты үй былтыр ғана пайдалануға берілген. Ал, сапасы сын көтермейді.
Үп еткен жел қабырғасын бүлдірген үйді «Күршім құрылыс» ЖШС салған. Тапсырыс беруші "Бәйтерек Девелопмент".
Айта кетсек, аталмыш мердігер компания банкротқа ұшырағанын мәлімдеген. Тапсырыс беруші акционерлік қоғам таратылып, оның құқықтық мирасқоры «Қазақстан ипотекалық компаниясы».
Қазіргі уақытта «Қазақстан ипотекалық компаниясының» мамандары шығындар мен ақаулықтарды тексеріп жатыр. Жуықта қабырғаның желге ұшқан қасбеті жөнделеді.
Өскемен