• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Желтоқсан, 2020

Алматыда қазақстандық антиковидті вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатыр

101 рет
көрсетілді

Бұл күндері мегаполистің екі бірдеймедициналық ұйымының базасында QazCovid-in инактивацияланған вакцинаны сынақтан өткізудің III фазасы жүріп жатыр.

Алматылық 2 мың ерікті вакцинациядан өтетін болады. Сынақтың екі күні ішінде вакцинаны алғашқы 300 ерікті қабылдады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты отандық вакцинаның І және ІІ фазаларын клиникалық сынақтан өткізгені белгілі. Алдын ала жасалған шаралардың нәтижелері отандық вакцина қауіпсіздігінің,  иммуногендігінің және тиімділігінің жоғары деңгейін көрсетуде.

Сынақтар сәтті аяқталып әрі Денсаулық сақтау министрлігінде тіркелген соң ерікті түрде жаппай вакцинациялау наурыз айына  жоспарлануда. Елімізде жасалған вакцинаға үлкен үміт артылуда, өйткені екпе жасау инфекцияның жаппай таралуына қарсы бірден-бір тиімді әдіс болып табылады.

Айта кетерлігі, Алматыда сыйымдылығы 200 мың бірлікті құрайтын «Спутник V» антиковидті вакцинаны сақтайтын қоймалар дайын. Препаратты ұзақ мерзімде сақтау үшін нақтылы температуралық режимді ұстау маңызды шарттың бірі болып табылады.

 

АЛМАТЫ