Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көптарапты стратегиялық ынтымақтастықтың, сондай-ақ екі ел халықтарының достық пен тату көршілік қатынастарының деңгейі жоғары екенін атап өтті.