• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Руханият 01 Қаңтар, 2021

Алғашқы экологиялық ертегі

1461 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында «Гринейктер хикаясы» атты эколо­гиялық ертегілер жинағы таныстырылды. Балаларға арналған басы­лым бес бөлімнен тұрады. Тазақала сиқырлы шаһарының кішкентай және ержүрек тұрғындарының бастан кешкен оқиғалары баяндалады. Кітаптың тұсаукесерін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «ӨКМ Операторы» ЖШС және Нұр-Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығы ұйымдастырды.

Кітап сюжеті бойынша бас­­ты кейіпкерлер бейберекет ша­шылған қоқыстармен күре­сіп, қалдықтарды бөлек жинау­ды насихаттайды. Сондай-ақ Кө­­бейтұз қызғылт көлін, жасыл желекті орманды кесуден сақ­тауды көрсетеді.

Ертегінің жағымды кейіпкер­лері арқылы балаларды игі істер мен табиғатқа ұқыпты қарауға, эко-адамгершілік педагогика әдісі негізінде жас ұрпақты  тәр­биелеу жатыр.

ӨКМ Операторының қол­дауымен жарыққа шыққан ертегілердің авторы – №83 мектеп-гимназиясының оқыту­шысы Асқар Мұқанов. Сондай-ақ ертегінің жарыққа шығуына аталған мектептің бастауыш сынып мұғалімдері атсалысты. Кітап қазақ және орыс тіл­дерінде жазылған.

Ертегі кейіпкерлерінің об­раз­дары «Қайта өңдеуге» бай­қауында топ жарған су­ретші балалардың салған кейіп­­­кер­лерінен алынып отыр. Су­рет­ші-иллюстратор Ирина Хван аталған кейіпкерлерді кітап беттерінде сомдады. Автор­лардың айтуынша, кітап отбасымен бірге оқуға арналған және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді. Экологиялық дағ­дыны қалыптастырып, тұр­мыстық қалдықтарды бөлек жинауды насихаттауға бағыт­тайды.

Сонымен қатар «Рожденные мечтать» комиксінің онлайн тұсау­кесері өтті. Графикалық романда жасөспірімдер эколо­гиялық мәселені шешуге күш біріктіреді. Комикс авторы – Нұр-Сұлтан қаласының линг­вистикалық колледжінің студенті Ева Агафонова. Эко­логиялық ертегілер серия­сы мен комикс ӨКМ Опе­ра­торының «EcoQolday» эколо­гиялық қозғалысы аясында дайын­дал­ды.

Компания дарынды жас­тардың экологиялық жобаларын қолдауға әрдайым ниетті. Эко-білім беру жұмысы аясында экологиялық ертегілердің жаңа серияларын шығару, гринейк­тердің оқиғалары туралы ани­мациялық мультфильм­дер мен балалар спектаклін дайын­дау жоспарлануда.