• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қаңтар, 2021

Қазақстан эпидемиялық жағдай бойынша «жасыл» аймаққа кірді

264 рет
көрсетілді

Бүгін Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингіде елдегі эпидемиялық жағдай туралы КВИ-ден емделгендер саны 87%-ға дейін өскені туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық жағдайы бүкіл әлем бойынша тұрақсыз. Әлемнің 220 елінде КВИ-мен ауырған 84 000 000 жағдай тіркелді, оның ішінде 1 840 000 адам осы дерт салдарынан көз жұмды (2,2%). Біздің елімізде 156 943 науқас COVID-19 жұқтырған және 45 946 адамға КВИ диагнозы қойылған», дейді Денсаулық сақтау министрі.

Ведомсто басшысы қазіргі таңда елімізде ем-дом алғандардың адамдардың саны 87%-ға дейін өскенін тілге тиек етті.

«Ал маусым-шілде айында жазылып шыққандар қатары 60% аспайтын. Республика қауіпі төмен – «жасыл» аймақта тұр. Тәуекелі жоғары немесе «қызыл» аймақта Атырау облысы қалды, тәуекелі орташа немесе «сары» аумақта 6 өңір: СҚО, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары қалды», дейді Алексей Цой.