• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қаңтар, 2021

Қызылорда облысында киік атқандар ұсталды

217 рет
көрсетілді

 Қызылорда облысында киік ату дерегі тіркелді. «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс шарасы  барысында Қазақстан Республикасы ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері түнгі сағат 03.20 шамасында Төретам кентінен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолына шығатын жолда «Лада Ларгус»  маркалы автокөлікті тоқтатады. Тексеру барысында  автокөліктің жүксалғышынан 4  бас  киік ұшасы табылды. Бұдан бөлек, жүксалғыштан  1 қоян, 12 калибрлі екі аңшы мылтығы мен оқ дәрілер айғақ зат ретінде алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Киік атқан екі күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2-тармағымен  сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Қазір күдіктілерге қатысты  бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.   Полицейлер оқиғаның мән – жайларын анықтауда.