Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында Армения Президенті Армен Саркисянның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
«Президент Армен Саркисянның @Arm_President коронавирустан жылдам айығып кетуіне және Армения халқының игілігі үшін мемлекеттік қызметке қайта оралуына тілектеспін. Біздің елдіріміз бен бүтін әлемнің белсенді күш-жігері COVID-19-ды жеңуге ықпал ететініне сенімдімін», деп жазды Президент Қ.Тоқаев.
Арменпресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, А.Саркисян Жаңа жылды Лондонда отбасымен және немерелерімен бірге қарсы алған.
Арменпресске Армения Республикасы Президентінің БАҚ және қоғаммен байланыс басқармасының өкілі: «3 қаңтарда Лондонда Президент Саркисянның аяғына операция сәтті жасалған болатын. Алайда, Президентте сондай-ақ коронавирустың жаңа түрінің белгілері көрініс берген. Тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті... Президент Саркисян өз қызметін уақытша қашықтан жалғастырады», деп мәлімдеді.