Қалалық жедел жәрдем стансасы мамандарының мәліметіне сүйенсек, 5 қаңтарда аяқ-қолы үсіп қалған 6 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz
Зардап шеккендердің біразын негізінен 3 және 4 қаңтарда үсік шалған, бірақ дәрігерлерге тек кеше ғана қаралған.
«Бір азамат вагоннан жүк түсіріп жатқан кезде, ал енді бірі қолғап кимей сөмкесін көтеріп жүргенде қолдарын үсік шалды. Жалпы, 2020 жылдың 31 желтоқсаны мен 2021 жылдың 4 қаңтары аралығында стансаға үсік шалған 17 адам жүгінді», дейді дәрігерлер.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының ТЖД өңірде бірнеше күн бойы ауа температурасының күрт төмендейтіндігін ескерткен болатын.