• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Тағайындау 06 Қаңтар, 2021

Атырау облысында сегізінші рет бас санитарлық дәрігер тағайындалды

184 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Мәдениет Танауов Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы-Атырау облысының мемлекеттік бас санитариялық дәрігері болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет Танауов 1971 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ Ұлттық медицина университетін гигиенист-эпидемиолог дәрігер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қалалық дезинфекциялық станциясының дәрігер - эпидемиологі болып бастады. 1999-2016 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік санитариялық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасында коммуналды гигиена бөлімінің санитарлық дәрігері, бөлімінің меңгерушісі, Зеленов аудандық санитариялық - эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері лауазымдарын атқарды.

2016 жылдың шілде айынан 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін Орал қалалық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы лауазымында болған.