Қымбатты отандастар!
Барша православие христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам ізгілік пен мейірімнің, сүйіспеншілік пен жақын жандарға жанашырлық- тың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейді. Қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайта түседі.
Православие христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосуда.
Біз бірлесіп Қазақстанды қазіргіден де қуатты елге айналдырамыз.
Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін!
Бүгінгі мейрам шаттық пен қуаныш әкелсін!