• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Бокс 07 Қаңтар, 2021

Боксшылар АҚШ-та жаттығады

148 рет
көрсетілді

Бокстан Қазақстан ұлттық құрама­сының бірқатар боксшысы Олимпия ойындарына дейінгі дайындығын АҚШ-та пысықтамақ.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметі бойынша, оқу-жаттығу жиынына аттанған боксшылардың ішінде команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг), Василий Левит (91 кг), Бекзат Нұр­дәулетов (81 кг), Зәкір Сафиуллин (63 кг) және Айболды Дәуренұлы (81 кг) бар. Былғары қолғап шеберлеріміз мұхит­тың арғы бетінде 30 қаңтарға дейін аға жаттықтырушы Марат Жақиевтің басшы­лығымен жаттығады. Сондай-ақ АҚШ-тың маңдайалды бапкер­лерінен физикалық жаттығу бойынша тәлім алады деп жоспарланған.