• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Футбол 07 Қаңтар, 2021

«Жетісуда» жаңа бапкер

161 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан біріншілігінде бақ сынайтын «Жетісу» командасын алдағы маусымда қазақстандық маман Константин Горовенко жаттық­тыратын болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

43 жастағы Жамбыл облысының тумасы кәсіби футболдағы алғашқы қадамын 1995 жылы Алматының «Қайрат» командасында бастаған. Одан кейінгі жылдарда Талдықорғанның «Жетісу», елорданың «Астана», Алматының «Алма-Ата», «Мега­спорт», Алматы облысының «Сұңқар» клубтарында доп тепкен. Сонымен қатар 2000-2002 жылдары ұлттық құрамада да өнер көрсеткен.

К.Горовенко кейінгі жылдары бапкерлік қызмет атқарып келеді. 2018-2020 жылдары Талдықорғанның «Жетісу Б» клубындағы табысты нәтижесінен кейін, ол былтыр Қарағандының «Шахтер» клубының тізгінін ұстады. Оның басшылығымен «кеншілер» командасы Премьер-лигада төртінші орынға тұрақтап, УЕФА Конференция лигасына жолдама алған болатын. Еске сала кетейік, бұған дейін «Жетісу» командасын өзге бір қазақстандық маман Дмитрий Огай басқарған еді. Өткен маусымда Алматы облысының командасы ел біріншілігінде 6-орынды місе тұтты.