Ақтауда қатты жел болып, алаңдағы шырша құлап түсті. Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев Facebook желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
«Бейсенбіге қараған түні Ақтауда желдің екпіні секундына 15-20 метр болып, қаладағы жаңа жылдық шырша құлап түсті», дейді блогер.
Қалалық әкімдік өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Ешкім зардап шеккен жоқ. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызмет өкілдері жақын арада демонтаж жұмыстарын бастайды», деді әкімдік өкілдері.