2020 жылы туған сәбилерге көбіне қандай есім қойылғаны белгілі болды. Олардың арасында ұл балаларға ең көп қойылған есім - Әлихан. Мұндай 4577 жағдай кездескен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кету керек, Әлихан есімі 2014 жылы да қазақстандықтардың ең сүйікті есімдерінің көшінде тұрған.
Жиі қойылған есімдердің екіншісі - Айсұлтан. 3320 ата-ана ұлына осы есімді қойған.
Ал Нұрислам есімі үшінші орында тұр. Былтыр туған 2904 балаға осы есім берілген.
Әрі қарай тізімде Әмір - 2314 адам, Алдияр - 2308, Әлинұр - 2216, Әли - 2001, Рамазан - 1948, Арсен -1830, Санжар - 1815 бала бар.
Ал қыздар арасында ең танымал есім Медина болып шықты. 5403 қызға осы есім берілген. 4855 балаға Айлин, 4588 қызға Раяна деген ат қойылған.
Сондай-ақ 2020 жылы қыздарға қойылған сүйікті есімдердің арасында Айша - 4500 адам, Асылым - 4366, Айзере - 4293, Аяла - 4247, Айым - 3673, Томирис - 3293 және Айару деген 3252 қыз бар.