• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қаңтар, 2021

Ақмолалық полицейлер жанып жатқан үйдегі адамдарды құтқарды

384 рет
көрсетілді

Ақмола облысында полиция қызметкерлері жанып жатқан үйдегі адамдарға көмекке келіп, құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның мәліметінше, өрт қаңтардың 8-де түнде Көкшетау қаласының Застанционный кентінде болған.

Түнгі кезекшілікте жүрген «Әскер-4» автопатруль взвод командирінің орынбасары, полиция аға лейтенанты Аманжол Дайыров және полиция аға лейтенанты Ақан Әбілқайыров өрт шыққан үйге барып, тұрғындарды құтқарды.

Полиция қызметкерлерімен бірге сол маңнан өтіп бара жатқан бейтаныс адамдар да көмекке ұмтылды. Өртенген үйде отбасылық жұп болған.

«Қызыл жалын үйдің кіреберісінде тұтанғандықтан олар сыртқа өз бетінше шыға алмаған. Абырой болғанда, қырағы тәртіп сақшылары мен тұрғындар оларды аман-есен сыртқа алып шықты», деді ведомстводан.

Анықталғандай, өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан орын алған. Өрт үйдің кіреберісі мен шатырын шарпыған. Қазіргі кезде сараптама тағайындалып, мән-жайы анықталып жатыр.