• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Қаңтар, 2021

Қызылордада ұрлыққа барған күдікті жылқыны атып өлтірді

435 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне 39 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, ауыл маңында жайылып жүрген жылқысын ұрлауға әрекеттенгендер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Арызданушы белгісіз адамдардың жылқыны атып алуға оқталғанын айтыпты. Полиция қызметкерлері жайылымға барып, оқиға орнын тексеру барысында белгісіз азаматтардың аяқ киім іздерін табады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында бұл қылмысқа 31 жастағы ауыл тұрғынының қатысы бар екендігі анықталды. Жануарға мылтық кезеген ол қылмыстық әрекетін белгісіз себептермен соңына дейін жеткізе алмай, оқиға орнынан қашып кеткен.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабының үшінші, 188-1 бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.