• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Қаңтар, 2021

Қоғамдық жұмысты орындамаған азамат түзеу мекемесіне жіберілді

280 рет
көрсетілді

3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасына  сотты болған азамат Арал аудандық пробация есебіне 2020 жылдың  мамыр айында есепке алынады. Оған қосымша сот үкімімен  мәжбүрлі түрде 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы берілген, деп хабарлайды Egemen.kz

Пробациялық бақылауға алынған ол неше мәрте ескертілсе де 100 сағаттық мәжбүрлі жұмысты орындамаған. Пробация қызметкерлері аудандық сотқа қоғамдық жұмыстан қашқан азаматты  бас бостандығынан айыру жөнінде ұсыныс жолдаған.

Аудандық сот қаулысымен оның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, түзеу мекемесіне  өтеуге жіберілді.