• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 10 Қаңтар, 2021

Сайлау учаскелері дауыс санауға кірісті

481 рет
көрсетілді

Учаскелік сайлау комиссиялары ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлаудағы сайлаушылардың дауысын санауға кірісті. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Оның атап өтінше, Қазақстан аумағында сайлау аяқталды. Ал еліміздің шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан ашылған 42 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр.

«Сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 43-баптың 1-тармағына сәйкес, сайлау учаскелерінде дауыстарды санау санақ басталғаннан кейін 12 сағаттан аспауы тиіс. Дауыс беру нәтижелерінің хаттамалары бірден тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі. Партиялық тізім бойынша сайлау нәтижесі Орталық сайлау комиссиясының отырысында анықталады», деді Константин Петров. ҚР ОСК төрағасының орынбасары аумақтық сайлау комиссияларынан дауыс беру қорытындысы электронды түрде ертең келіп түсетінін айтты. Сайлаудың алдын ала қорытындысы ОСК брифингі барысында жарияланады.