• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 11 Қаңтар, 2021

Ертеңге деген сенімнің айқын көрінісі

218 рет
көрсетілді

Қызылорда облысындағы 376 сайлау учаскесі ашылғаннан-ақ дауыс беруге келгендер қатары қалың болды. Түске дейін аймақтағы 492 198 сайлаушының тең жартысы өз таңдауын жасап үлгерді. Облыста сайлау күні 1 466 байқаушы мен сенімді өкіл жұмыс істеді.

Пандемия кезіндегі саяси науқанда санитарлық талап­тардың қатаң сақталуы да бақылауда болды. Маскалық режімнің және әлеуметтік қашықтықтың сақталуы қада­ғаланды.

Сайлау барысында мүм­кіндігі шектеулі азаматтарға ке­дергісіз дауыс беруге барлық жағдай жа­салғаны байқалды. Оларды тасы­малдауға арнайы автокөліктер бөлініп, ауыр халдегі науқастар үшін үйден дауыс беру шаралары жүйелі ұйымдастырылды.

Өңірде әрбір дауыс беруші өз сайлау учаскесін анықтау үшін Call-орталықтары және «Өзіңді сай­лаушылар тізімінен тексер» сер­висі мен «Sailau2021.gov.kz» пор­талы үздіксіз жұмыс істеп тұр­ды.

Бір сөзбен айтқанда, сайлаушылар ертеңгі игілік үшін таң­дау жасаған саяси науқан Сыр бойында жоғары деңгейде өтті.

 

Қызылорда облысы