• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қаңтар, 2021

БҚО-да барлық бағыттағы республикалық жолдар уақытша жабылды

185 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында барлық бағыттағы республикалық жолдар уақытша жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша жергілікті сағат 09.45-тен бастап көктайғаққа байланысты барлық бағыттағы республикалық маңызы бар жолдар жабылды.

Облыстық ТЖ департаменті республикалық жолдарда тек қоғамдық көліктер мен таксилердің жүруіне рұқсат беріліп жатқанын жеткізді.

Қазіргі кезде Орал қаласында да қатты көктайғақ.