• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Сайлау 11 Қаңтар, 2021

Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліске ұсынылған кандидаттарға кімдер дауыс бергені анықталды

237 рет
көрсетілді

Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін дауыс бергендердің арасында Үкімет басшысы Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов, елорда әкімі Алтай Көлгінов бар. 

Сонымен қатар ұсынылған кандидаттарды сайлауға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қатысты.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 93-1-бабына сәйкес сессияда Ассамблеядан сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА Кеңесі ұсынған үміткерлерге дауыс беріледі. Оған ҚХА мүшелерінің қатысуы ескерілген. Сессия жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымнан құралған ҚХА мүшелерінің делегациялары қатысып жатыр.

2020 жылдың 24 желтоқсанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліске ҚХА атынан сайлауға түсетін 9 депутатты тіркеген еді.