• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қаңтар, 2021

Садыр Жапаров: Алдыңғы биліктің қателіктерін қайталамаймын

574 рет
көрсетілді

Қырғызстандағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Садыр Жапаров сайлаушыларға президенттік сайлауда көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстандағы қазіргі проблемаларды шешу үшін кем дегенде 1-2 жыл қажет болады. Бұл туралы Садыр Жапаров Бішкекте өткен баспасөз конференциясында айтты. 

С. Жапаров егер саяси тұрақтылық болса, Қырғызстанды 3-4 жылдан кейін экономикалық дағдарыстан шығаратынына уәде берді. 

Саясаткер соңғы 30 жыл ішінде сыбайлас жемқорлық өмірдің барлық саласында тамыр жайғанын және әрбір азамат онымен күресуге күш салуы керек екенін атап өтті. 

«Мен алдыңғы биліктің қателіктерін қайталамаймын. Біз саяси қысымнан аулақ боламыз және заңдылық қағидасын бұзушыларға жол бермейміз. Менің жалғыз мақсатым - елдің дамуы, бірлікті қамтамасыз ету», деп уәде етті жаңа сайланған мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ ол сайлауға қатысқан өзге кандидаттар мен олардың үгітшілеріне деген еш реніші жоқ екенін айтты.     

Еске сала кетейік, Қырғызстан сайлау комиссиясының жетекшісі Нұржан Шайлдабекова жексенбі күнгі сайлаудағы дауыс берудің алдын-ала қорытындылары бойынша сайлаушылардың 79,18 пайызы Садыр Жапаровқа дауыс бергенін хабарлаған болатын.