ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко жаңа сайланымда лауазымын босататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
«Мырзалар, тынышталыңыздар. Бұған дейін де менің зейнетке шыққанымды қалағандар болды. Мен бұл туралы фейсбукте де мәлімдедім. Болды, рақмет. Мен кетемін», деді шенеунік.
Осы орайда депутат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинге алғысын білдіріп те үлгерді.
«Ең бастысы - мен бұл жерде жақсы тәжірибе алдым. Бұған дейін де заң шығару процесінде болдым, бірақ бұл жерде, әрине, барлығына қажетті теңдессіз тәжірибе алдым. Мұның маған көп жағдайда пайдасы тиеді», деді ол.