• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қаңтар, 2021

Путин, Алиев және Пашинян Қарабақ бойынша Мәскеуде келіссөз жүргізуде

167 рет
көрсетілді

Кремльде Ресей мен Әзірбайжан президенттері Владимир Путин мен Ильхам Алиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинянның қатысуымен үшжақты кездесу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бетпе-бет кездесу жайлы бастаманы Ресей мемлекетінің басшысы көтерген болатын.

Кремльдің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар үш ел басшыларының Таулы Қарабақ туралы 2020 жылғы 9 қарашадағы мәлімдемесінің орындалу барысын қарастырып, аймақтағы мәселелерді шешу жолдарын талқылауды жоспарлап отыр.

Саясаткерлер әскери қимылдардан зардап шеккен аудандардың тұрғындарына көмек көрсету мәселелеріне, сондай-ақ сауда-экономикалық және көлік байланыстарын ашу мен дамыту мәселелеріне ерекше назар аударады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Путин, Алиев және Пашинян Таулы Қарабақтағы әскери қимылдарды толық тоқтату туралы 2020 жылдың 9 қарашасында бірлескен мәлімдемеге қол қойған болатын.