• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қаңтар, 2021

Алматылықтарды жылумен қамту қай деңгейде?

341 рет
көрсетілді

Жауаптылардың сөзіне сенсек, шаһарда қоғамға қажет барлық нысандар мен әлеуметтік объектілер 100%-ға жылуға қосылған әрі жүйелі жұмыс істеп тұр.

Жылу маусымында қызмет көрсетуге жұмылдырылған коммуналдық қызметтер (АлТС, КБАЭ, АлЭС, Алматы су, АЖК және ҚазТрансГаз-Аймақ) жоғары дайындық режімінде.

Алматы қаласының оңтүстік бөлігінің тұрғындарын электрмен үздіксіз қамтамасыз ету және әл-Фараби - Жароков - Тимирязев - Розыбакиев шаршысындағы жаңа тұрғын үй кешендерінде қарқынды құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін «Каскад» ҚС 110/35/10-6кВ және «Алмагүл» ҚС 110 кВ жаңа қосалқы стансаларының құрылысы басталды. 

Қазандықтың қуатын арттыру үшін және Алматының оңтүстік ауданында жылу энергиясының тапшылығын жою мақсатында сондай-ақ жылу беру маусымы кезеңінде тұтынушыларды жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін «Оңтүстік» аудандық қазандығы қуатын 55 Гкал-ға ұлғайта отырып, қайта жаңғырту көзделген.

Жыл сайын барлық жұмыстар Алматы қаласының тұрғындарын инфрақұрылыммен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

"Бірінші кезектегі мақсат – бұл тұрғындардың жайлы өмір сүру жағдайын жақсарту, коммуналдық қызметтердің қолжетімділігі және нақты тұтынған энергиясы үшін төлем жүргізу", дейді мамандар.