• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2013

«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті» мемлекеттік мекемесінің бұйрығы №207-н/қ

396 рет
көрсетілді

2013 жылғы 12 қараша  Астана қаласы

Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереженің 19-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын:1. Қоса беріліп отырған Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.2. Персоналды басқару секторы (С.Д. Тәженова) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етсін.3. Заң бөлімі (Ю.Ф. Энгель) заңнамамен белгіленген тәртіпте:1) бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;2) бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны 10 күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануға жолдасын. 4. Бұйрықтың орындалуын бақылау аппарат басшысына (М.Т. Райымқұлов) жүктелсін.5. Бұйрық өздеріне қатысы бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің лауазымды адамдарының назарына жеткізілсін.6. Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға А.Мусин.

Есеп комитеті Төрағасының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 207-н/қ бұйрығына қосымшаЖүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі1. Тегі2. Аты3. Әкесінің аты (бар болған жағдайда)4. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы мәліметтер5. Туған жылы, күні және айы6. Туған жері7. Ұлты8. Жынысы9. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың атауы; құжаттың нөмірі; құжаттың берілген күні; құжаттың жарамдылық мерзімі; құжатты берген орган10. Отбасы жағдайы туралы мәлімет: неке жағдайы; неке қию туралы куәлік деректері; неке бұзу туралы куәлік деректері; жұбайының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда); жұбайының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері; отбасының басқа мүшелерінің, қарауындағы адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және туған күндері; балаларының бар-жоғы, туу туралы куәлік деректері11. Әскери міндетті адамдарды және әскери қызметке шақыруға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер: әскери билеттің сериясы, нөмірі, берілген (тапсырған) күні; әскери билетті берген органның атауы; әскери-есепке алу мамандығы; әскери атағы; есепке алу/шығару туралы деректер; әскери қызметтен босату негізі12. Азаматтығы туралы мәліметтер: азаматтығы (бұрынғы азаматтығы); Қазақстан Республикасы азаматтығын алған күні; Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан күні13. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)14. Зейнетақы шартының көшірмесі15. Портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті)16. Білімі, біліктілігі және арнайы атақтарының немесе арнайы даярлығының бар-жоғы туралы мәлімет (дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе білім беру мекемесін бітіргені туралы басқа да құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, соның ішінде білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері, факультеті немесе бөлімі, білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы, ғылыми деңгейі, ғылыми атағы, шетел тілдерін білуі)17. Ағымдағы уақыттағы еңбек қызметі туралы деректер: лауазымын, құрылымдық бөлімшесін, ұйымын, оның атауын толық көрсету; жалпы және үздіксіз еңбек өтілі; мекенжайлары және телефондары, сондай-ақ басқа ұйымдарда бұрын атқарған лауазымының толық атауын және осы ұйымдарда жұмыс істеген уақытын көрсете отырып, олардың атаулары18. Мемлекеттік және ведомстволық наградалары, құрмет және арнайы атақтары, көтермелеулері туралы мәліметтер; награда, атақ немесе көтермелеу атауы немесе аты; марапаттау туралы нормативтік актінің күні мен түрі немесе көтермелеу күні19. Мекенжайы мен телефоны20. Салық декларациясын тапсыру туралы мәліметтер21. Бұрынғы жұмыс орнындағы жалақысы және соңғы еңбек демалысы туралы мәліметтер22. Коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы өз үлесін, акцияларын (акциясын) және тұлғаға заң жүзінде тиесілі ақшаны қоспағанда, пайдаланылуы кіріс алуға әкеп соғатын өзге де мүлікті, сондай-ақ мүліктік жалға берілген мүліктік сенімгерлік басқаруға беру туралы мәліметтер23. Денсаулық жағдайы туралы анықтамалар24. Соттылығының болуы (болмауы) туралы мәліметтер

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 25 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8927 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар