«Пари Сен Жермен», «Барселона», «Милан» футбол клубтарының бұрынғы футболшысы алаңға қайта шығуы мүмкін. Бұл туралы footballhd.ru хабарлады.
ESPN FC басылымының мәліметі бойынша, әйгілі ойыншыны Бразилияның «Куритиба» командасы қандай жағдай болмасын қабылдауға дайын отыр. Оның айлық жалақысы 88 мың еуроны құраса, қосымша тегін үймен және жеке күзет қызметімен қамтамасыз етпек.
Бразилиялық плеймейкер кәсіби футболшы ретінде соңғы рет 2015 жылы «Флуминенсе» сапында ойнаған.
Айта кетейік, «Гремио», ПСЖ, «Барселона», «Милан», «Фламенго» командаларында барлығы 669 матчқа қатысып, 264 голдың авторы атанған. Ал ұлттық құрамада 96 ойында 33 рет мергендігімен танылған.