• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қаңтар, 2021

Жақсылыққа жұмылған жастар

317 рет
көрсетілді

Сәл саябырсыған індеттің қайта бас көтеріп келе жат­қ­а­­ны байқалады. Осыған бай­­ланысты волонтерлер қатарында елге көмек көрсе­тіп жүрген Сыр жастары жел­тоқ­сан айының басындағы ха­лық­­ара­лық ерік­тілер күні­не орай­ластырып, облыс орта­лы­ғы тұрғындарына бетперде таратты.

«Қамқор» бағытында ұйым­дас­ты­рыл­ған бұл іс-шараға мектептердегі жастар үлкен үлес қосты. Сонымен қатар қалада атаулы күн аясында іс-шара ұйымдастырылып, волонтерлік қызметті дамытуға үлес қосқан 20-дан астам жас арнайы номинациямен мара­патталды.

Облыс орталығындағы ерік­ті­лер білім бағыты бойынша ұйым­дас­тырылатын шараларды да ұмыт қалдырған жоқ. Биыл мектеп бітіру­ші­лер үшін ҰБТ пәндері бойынша дайындық сабақтары өтті. Аудан жастары да түрлі бағытта бастама көтеріп, елдік іске ерекше үлес қосып келеді. Мысалы, Шиелі ауданы жастары төтенше жағдайлар, №13 өрт сөндіру бөлімі, №16 өрт сөндіру бе­кеті қызметкерлерімен бірігіп, тұр­ғындарға «Тұрмыстағы өрт қауіп­сіз­дігі», «Көмірқышқыл газынан уланудан сақтану», «Сіріңке – балалар ойыншығы емес» тақырыптарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Акция аясында 6 040 үйді аралап, 8 723 үнпарақ таратты. Жалағаштықтар да жанашырлық танытатын шаралардан сырт қалған жоқ. Жыл басынан бері ауданда 65 қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, 1 325 адамға 28 млн 500 мың теңгенің көмегі көрсетілген. Жуырда әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға, асыраушысынан айырылған қарттарға, тұрмысы төмен 120 отбасына 2 млн 305 мың теңгеге отын мен азық-түлік жеткізіліп берілді.

 

Қызылорда облысы