• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Қаңтар, 2021

Молдованың жаңа президенті алғашқы шетелдік сапарына автокөлікпен барды

346 рет
көрсетілді

Молдова Президенті Майя Санду өзінің алғашқы ресми сапарына Украинаға автокөлікпен кетті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Молдованың Ziarul de Garda газеті.

Президенттің баспасөз хатшысы Сорина Штефирса делегация Киевке ұшақпен емес, көлікпен жетуге шешім қабылдады, өйткені бұл шығындарды азайтады деп түсіндірді. Оның айтуынша, бұл пандемия кезінде саяхаттаудың ең тиімді тәсілі. 

12 қаңтарда Киевке сапары кезінде Молдова Президенті Майя Сандудың украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен кездесуінде Украина мен Молдова арасындағы қарым-қатынастарды стратегиялық серіктестік деңгейіне шығару, бірлескен экономикалық және саяси жобалардың стратегиясын құру мен Еуропалық Одаққа мүшелікке қол жеткізу үшін бірлесе жұмыс істеу секілді және тағы басқа тақырыптар кеңінен талқыланды.