• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қаңтар, 2021

Қызылордада өткен жылы заңсыз айналымнан 246 қару тәркіленді

192 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында заңсыз айналымнан атыс қаруын тәркілеу, ұрланған, жоғалған қаруды іздестіру және атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу бағытында  «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүйелі түрде  өткізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Шара барысында өткен жылы заңсыз айналымнан 246 қару тәркіленді. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабымен  әкімшілік жауапқа тартылды. 8 мыңнан тұрғынның аңшы қаруын сақтау заңдылығы тексерiлiп, азаматтық, қызметтiк қаруды, оған арналған патрондарды сақтау, пайдалану және тасымалдау ережелерiн бұзу дерегімен 542 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік шаралар көрілді.

2020 жылғы 1 шілдеден бастап республика көлемінде заңсыз сақтаудағы қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды қабылдау акциясы өткізіліп, оның барысында азаматтардан 79 өтініш түсті. 126 дана қару қабылданып, облысқа республикалық бюджеттен бөлінген 8 млн 153 мың теңге қаражат толығымен игерілді.