• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Видео 13 Қаңтар, 2021

Бейруттағы жарылысқа байланысты екі ресейлік қамауға алынуы мүмкін

358 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ливанның ұлттық агенттігі NNA хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Олардың бірі - Игорь Гречушкин аммиак селитрасын Батумиден Мозамбикке жеткізетін Rhosus кемесіне иелік еткен. Алайда, Бейруттағы тексерулерден кейін кемеге теңізге шығуға тыйым салынған. Салдарынан Гречушкин банкротқа ұшырап, Ливандағы кемені экипажымен тастап кеткен. Ал Борис Прокошев осы кеменің капитаны болған. 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 4 тамызда қала портында жойқын жарылыс болды. 2750 тонна аммиак селитрасы жарылған болатын. Содан кейін 190 адам қаза тауып, 6 мыңнан астамы жарақат алған еді.

Рабиға Нұрғали