Өскемен қаласындағы дәмханалардың бірінде танысын пышақтаған ер адамның видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі оқиға Согра ауданында болғанын айтып өтті.
Дәмханаға келген адам төбелес кезінде танысына пышақ салған.
«Өскемен полициясына облыс орталығының ойын-сауық мекемелерінің бірінде ер адамның төбелес кезінде танысына пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан бейнежазбаларды алып, оны мұқият зерттеді. Тәртіп сақшылары күдіктіні «ізін суытпай» анықтап, оны ұстады», деді полицей.
Полиция өкілдері екі адамның кафеге көңіл көтеру үшін келгенін анықтады.