2021 жылы Қостанай облысының Нұр-Сұлтан қаласына өтетін жолы ақылы болады. Андрей Горваттың айтуынша, ақылы жолдың ұзындығы 422 шақырымға созылған. Бұған қоса Қостанай облысының Ресеймен шектесетін Федоров және Қарабалық аудандарының жолдарына да жолақы жүйесі енгізілуі мүмкін.
«Ақылы бекеттер жақын арада қойылады. Мұндай шара республикалық бюджетке түсетін ауыртпалықты азайту үшін енгізілді. Ақылы жолдан түскен пайда облыстағы жолдарды жөндеуге жұмсалады. Бастапқыда ақша тек жүк көліктерінің жүргізушілерінен жиналады. Жол жүру құны көліктің жүк көтергіштігіне байланысты болады. Нақты тариф құны әлі талқыланады. Алдымен Қаржы министрлігіне шығып, тиісті құжаттарды бекітеміз. Бірақ жолға енгізілетін баға Щучье-Бурабайдағы жолдан қымбат болмауы тиіс», деп атап өтті Андрей Горват.
Қостанай облысындағы ақылы жолдарына шлагбаумдар орнатылмайды.
Мұнда тек арнайы бақылау камералары қойылады. Камералар жүк машиналарының нөмірлерін тіркейді, ал жолды пайдалану үшін төлемді онлайн немесе қолма-қол ақшамен 2 бекетте төлеуге болады.