• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2021

Алматыда екі мыңнан астам әлеуметтік қызметкердің жалақысы 50%-ға өсті

1726 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметкерлердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қабылданған қаулыға байланысты, Алматыда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2091 штат бірлігі бойынша жалақы мөлшері 50%-ға ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олардың арасында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйелерінің қызметкерлері, «Қамқор» әлеуметтік үйінің, «Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкерлері, «Шаңырақ», «Демеу», «Аяла», «Парасат», «Шапағат», «Сенім» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, «Жан-Сая» дағдарыс орталығы, Алматы қ. Жұмыспен қамту орталығы, сондай-ақаудандық әкімдіктер мен аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімдерінің әлеуметтік қызметкерлері бар.

Бұл ретте, 2022 жылы осы қызметкерлердің лауазымдық жалақылары ағымдағы мәннен 25%-ға, 2023 жылы тағы да 25%-ға өседі деп күтілуде.