*Президент поштасынан
Қазақстан Президентінің атына Отто Бенеке атындағы қордың президенті Лотар-Теодор Лемперден хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
*Президент поштасынан
Қазақстан Президентінің атына Отто Бенеке атындағы қордың президенті Лотар-Теодор Лемперден хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан Президентінің атына жолдаған хатында Л.Лемпер Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауы – «Қазақстан-2050» Стратегиясымен зор қызығушылықпен танысып шыққанын айтады. Оның пікірінше, құжат Қазақстан үшін өмірлік маңызы бар жаңа сын-қатерлер мен елеулі жетістіктер үйлесім тапқан көптеген қызықты жайттарды қамтиды.
«Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағынан да, одан тысқары орналасқан басқа көп мемлекеттерден де жаңарған оптимистік рухымен ерекшеленеді. Сіздің сөзіңіз – батылдық көрініс тапқан құжаттама», деп жазады хат иесі. Л.Лемпер республиканың мойындалған халықаралық жетістігінің екі қайнар көзі – Қазақстан Президентінің басшылығымен шебер жүзеге асырылған саяси басшылық пен азаматтардың үлкен елдің игілігі жолында пайдаланылып отырған жан-жақты қабілеттілігі деп санайды.
«Стратегия Батыс Еуропаның тоқырауда қалып отырған көп елінен Қазақстанды жақсы жағынан ерекшелейді. Сіздің Жолдауыңыз Қазақстанды экономикалық, ғылыми және әлеуметтік прогресс биігіне көтеруге деген ұмтылыспен етене байланысты», делінген хатта. Хат соңында автор Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа білім беру саясаты өзін үлкен әсерге бөлегенін атап өткен. Осыған орай Л.Лемпер перспективалық идеяларды іске асыруға өз үлесін қосуға дайын екендігін білдірген.
Мүмкіндік үшін айрықша ризашылық
Елбасының атына Қазақстанның зияткерлік және жалпы орта білім беретін мектептерінің мұғалімдері мен тағылымдамадан өтушілерінен хат келді.
Өз хатында авторлар «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Финляндияда ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтуге жасалған мүмкіндік үшін Мемлекет басшысына айрықша жылы лебізбен алғыстарын жеткізген. Мұғалімдер мен тағылымдамадан өтушілер әлемнің үздік педагогикалық инновациялық тәжірибелерін танып-білу оны еліміздің орта білім саласына енгізуге және бейімдеуге мүмкіндік беретінін атап өткен.
«Біздің оқуымыз Финляндия Президентінің Астанаға 2013 жылғы сәуір айындағы ресми сапары барысында Сіз қол жеткізген уағдаластықтың арқасында мүмкін болды. Біздің ғылыми-педагогикалық тағылымдамамыз «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 20 жылдық мерейтойына орайлас келгені біз үшін екі есе мәртебе. Міне, 22 жыл еліміз Сіздің басшылығыңызбен алға нық қадам басып келеді. Қазақстаннан жырақта жүріп те біз өз Отанымыз үшін мақтанышты сезінеміз», делінген хатта.
Хат иелері Қазақстанның жетістіктерін, әсіресе, Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған білім саласындағы инновациялық жобаларды финляндиялық әріптестерінің жоғары бағалайтынын жеткізген. Хат соңында мұғалімдер мен тағылымдамадан өтушілер Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, ал елімізге бақ-береке тілеген.