Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында бұрынғы Ақмола қаласының еліміздің бас қаласы – астана мәртебесіне ие болуына 16 жыл толуына байланысты салтанатты концерт өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылдың 20 қазандағы Жарлығымен бұрынғы Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы мәртебесін иеленгені белгілі.

Концерттік бағдарламаға Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Концерттің беташарында көрермендерге Астананың елорда мәртебесін алу күнін мерекелеуге арналған деректі фильм көрсетілді. Кеште «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының әртістері казақ және италия арияларынан құралған опералық попуррилер шырқады.
Бейбітшілік және келісім сарайы сахнасында «Музарт» тобы мен «Сарын» дуэті және әнші Еркен Кенебаев өнер көрсетті. Ал жас таланттар, «Аялаған Астана» атты вокальдық байқаудың жүлдегерлері Роза Сәметова мен Еркеш Хасен ««Viva per lei» әнімен жұртшылықтың жүрегіне жол тапты.
Концерттік бағдарламаның соңында әртістер «Астананы бірге саламыз» әнін шырқата салды. Бұл әнді осы залға жиналып отырған «Астана таңдауы» байқауына қатысқан әлеуметтік сала қызметкерлері де қосыла шырқады. Олар жоғары біліктілігімен, еселі еңбегімен елорданың гүлденуіне үлес қосып жүр. Биыл конкурс «Педагог», «Учаскелік инспектор», «Дәрігер», «Жолшы», «Құрылысшы», «Энергетик» аталымдары бойынша өткізілген болатын. Байқаудың ерекшелігі сол, жеңімпаздарды тұрғындардың өздері Астана әкімдігінің www.astana.kz. сайты арқылы онлайн-дауыс беру арқылы таңдады.
«Егемен-ақпарат».