Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық қылмысына байланысты отставкаға кетуі керек 14 шенеунік туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Алик Шпекбаев Нұр-Сұлтанда "Астана – адалдық алаңы" жобасы аясында өткен журналистермен кездесуде: "Жауапкерлігі бойынша мониторингте тұрған 14-і, заң талабына сәйкес, егер олар саяси қызметшілер болса, басшылары отставкаға кетуі керек. Міндетті түрде. Ал Мемлекет басшысы отставканы қабалдай ма, жоқ па, өзі шешеді", деп баса айтты.
2020 жылдың қазанында Антикор қызметі қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмысқа байланысты тоғыз саяси қызметшінің отставкаға кеткені, түрлі деңгейдегі 34 басшының тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы хабарланған еді. Осыған орай тағы 14 саяси қызметші отставкаға кетуі мүмкін.