• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қаңтар, 2021

Forbes-та украиналық миллиардер пайда болды

138 рет
көрсетілді

Украиналық 45 жастағы азамат - Макс Левчин Affirm стартапының IPO-сынан кейін миллиардер атанды. Ол осы стартаптың бас директоры, деп хабарлайды Egemen.kz

Forbes журналының мәліметіне қарағанда, Левчиннің байлығы 2,7 миллиард долларға бағаланады. «Forbes тізімінде жаңа миллиардер пайда болды», делінген хабарламада.

Дереккөз мәліметінше, Affirm стартапы биржаға 13 қаңтарда шығарылып, 1,2 миллиард доллар табыс тапты. Ал жаңа миллиардерге осы акцияның 11 пайызы тиесілі екен. Осыдан кейін оның байлығы 2,7 миллиард долларға бағаланған. Осылайша, ол Forbes тізімінде миллиардер атанды.