• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қаңтар, 2021

Украина Ресейден вакцина ала ма?

230 рет
көрсетілді

Украинаның Денсаулық сақтау министрлігіне Ресейдің Sputnik-V вакцинасын тіркеу туралы өтініш келіп түсіпті. Көрші елден вакцина алу туралы ақпарат украиналық БАҚ-тың назарын өзіне аударып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Украинадағы барлық дәрі-дәрмектіі тіркеуді Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы арнайы құрылым - Мемлекеттік сараптама орталығы (GEC) жүзеге асырады. Өтініш берушілер осы мекемеге клиникалық зерттеулердің барлық үш кезеңінің нәтижелері туралы деректерді ұсынуы керек.

Егер препарат ДДҰ-ның мақұлдауын алған болса, Еуропалық Одақта немесе АҚШ, Швейцария, Жапония, Австралия немесе Канада сияқты басқа реттеуші агенттіктерде тіркелген болса, процедура жеңілдетіледі. Карантиндік шаралар кезеңінде бұл тізімді Қытай, Израиль, Үндістан, Мексика және Бразилия толықтырды. Ресей бұл тізімде жоқ, сондықтан дәрі-дәрмектерді жеделдетілген тіркеу процедурасы мүмкін емес.

«Украинада осы вакцинаны тіркеудің ғылыми негіздерін елестету қиын, өйткені бүкіл әлемдегі бірқатар ғалымдар Лансетте клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші кезеңдерінің нәтижелерін сынға алды. Олар жалған болды деуге негіз бар және бұл зерттеулердің нәтижелеріне белгілі бір сенімсіздік бар», деді украиналық жұқпалы аурулар бойынша маман, Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ГЭК-тің бұрынғы сарапшысы Федор Лапий.

Маманның айтуынша Украинада Ресей вакцинасын тіркеу мүмкіндігі өте аз.