Айгүл Сайфоллақызы Құспан ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар каналына сілтеме жасап.
"Дипломатиялық қызмет жылдарында ол үнемі жоғары кәсібилігімен, өзінің бастамашылдығымен, қиын да күрделі мәселелерді шеше білуімен отандық және шетелдік дипломаттар тарапынан үлкен абырой мен құрметке ие болды.
А.Құспан парламентаризмнің дамуына, сондай-ақ сыртқы саясаттағы түрлі шешімдердің оңынан болуына, шетелдік Парламенттермен өзара сенімге құрылған байланыс орнатуға өз үлесін қосады деген сенімдеміз", - делінген хабарламада.