«Өрмек» жедел профилактикалық шарасы барысында Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бір азаматтан өзгеше иісі бар шөп салынған қағаз орама тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сараптама қорытындысы жиырма тоғыз жастағы аудан тұрғынынан алынған шөптің кептірілген марихуана екендігін анықтады.
Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296 - бабының 2 - бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.