• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қаңтар, 2021

Ұлттық кеңестің бесінші отырысы қашан өтетіні айтылды

193 рет
көрсетілді

Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы қашан өткізілетінін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Президент тарапынан бастамалар көтерілді. Ендігі жұмыс бізде – сарапшыларда, әр саладағы мамандарда. Бұл бастамаларды жан-жақты зерттеп, оны шынайы әрі нақты мазмұнмен толықтыруымыз керек», деді Ерлан Қарин елордада өтіп жатқан «Президенттік жаңа саяси реформалар пакеті» атты дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша, Президенттің бұл мәлімдемесі - реформалардың үшінші пакеті деп аталғанымен, аталмыш бастамалар шегіне таяп қалды дегенді білдірмейді.

«Талқылау жалғасады. Талқылау орталығы бүгінгі таңда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі. Соның отырыстарында нақты ұсыныстар пысықталады. Қазіргі уақытта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына дайындық жүргізіліп жатыр. Ол ақпан айында өтеді. Бесінші отырыста жаңа бастамалар жарияланады», деді ол.