Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қаржы корпорациясы арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарады, деп хабарлайды Egemen.kz
Құжатта біздің еліміздегі халықаралық қаржы корпорациясы кеңселерінің мәртебесі заңнамалық тұрғыда бекітіледі. Заң жобасы қабылданғаннан кейін қаржы корпорациясы Қазақстан экономикасының негізгі салаларына еш кедергісіз инвестиция салуға мүмкіндік алады. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға және шағын және орта кәсіпорындардың көбеюіне әкеледі.
Құжат Палатаның қарауына жіберілді. Халықаралық – Дүниежүзілік банк тобындағы бес институттың бірі және БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі мәртебесіне ие.